Жас отбасыларға ай сайынғы төлемі 12 мың теңгеден аспайтын жалдамалы пәтерлер беріледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова айтты, деп хабарлайды Atameken Business.
Сөзінше, биыл қолға алынған жалдамалы пәтерлер бағдарламасы бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әрқайсысында 1 мыңнан пәтер беріледі. Алайда оны сатып алу құқығы болмайды. Жалдамалы пәтер 3-тен 5 жылға дейінгі мерзімге арналған. Жас отбасы аяғынан тұрып кеткенше мүмкіндік жасалады.
Құжаттарды қабылдау қыркүйек айында басталады. Ал жалпы талаптары мен ережелері ведомствоның сайтында 1 тамызда жария етіледі.