"Жас сарбаз" тәрбиеленушілері әскери дәрігерлерге азық-түлік жиынтығын сыйлады

536

"Жас сарбаз" қозғалысының тәрбиеленушілері Қорғаныс министрлігінің әскери дәрігерлеріне "Жүректен жүрекке" акциясы аясында 30 азық-түлік пакетін табыстады.  

 "Жас сарбаз" тәрбиеленушілері әскери дәрігерлерге азық-түлік жиынтығын сыйлады

Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Іс-шара Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-патриоттық орталығы мен "Магнум" сауда орталығының қолдауымен өтті.

"Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Карантин кезінде вирустың таралуын болдырмау үшін жанқиярлықпен жұмыс жасап жүрген дәрігерлерге барынша қолдау көрсету біздің қолымызда. "Жас сарбаз" қозғалысының мүшелері үшін елдің ризашылығынан артық сыйлық жоқ. Біз қайырымдылық жасаудан жалықпаймыз және барлық қамқор адамдарды бізге қосылуға шақырамыз", - деді "Жас Сарбаз" балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы" республикалық қауымдастығы қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралар өтіп жатыр. Эстафетаның басты мақсаты - қала мен оның тұрғындарына жақсылық жасау.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу