"Жас сарбаздықтар" коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты

905

 Іс-шара "30 игі іс" акциясы аясында өткізілді.

"Жас сарбаздықтар" коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты

Бүгін елордалық "Жас сарбаз" қозғалысының мүшелері коммуналдық қызметкерлерге шай мен бауырсақ таратты.

"Волонтерлар үнемі келіп көмектесіп тұрады. Жігіттер мен қыздарға алғысымызды білдіреміз, бұндай аязды күндері бір шынаяқ шәйдің өзі денеге де жүрекке де жылу сыйлайды", - дейді "Астана Тазалық" ЖШС жұмысшылары.

Айта кету керек, "30 игі іс" акциясы аясында елордалық еріктілер де жалғызбасты зейнеткерлерге қар тазалауға, көмір жеткізуге және үйсіз жануарларға арналған баспанаға жан-жақты көмек көрсетеді.

"Жыл сайын, қыста, қатты аяз немесе боран болсын, тынымсыз жұмыс істейтіндер бар. Олардың жұмысына ризашылық білдіріп, біз осындай акцияны ұйымдастыруды жөн көрдік. Бүгін 60-қа жуық коммуналдық қызметкерлер ыстық шай мен бауырсақ алды", - деді "Жас сарбаз" балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының елордалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "30 игі іс" ұранымен эстафета басталды.

Азаматтар оған қосылып, мейірімділік акциясы шеңберінде #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу