Жас спортшыларды Аргентинада өтетін ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті

824

Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 22 түрі бойынша 57 спортшы қорғайды.

Жас спортшыларды Аргентинада өтетін  ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін елордада Қазақстан ұлттық құрамасын 6-18 қазан аралығында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Аталған іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, бапкерлер мен спорттық делегацияның жалпы құрамы қатысты. Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 22 түрі бойынша 57 спортшы қорғайды (тізім қосымшада). Отандық спортшылар жасөспірімдер Олимпиадасына 41 жолдама жеңіп алды. Биыл жасөспірімдер Олимпиадасына  қатысатын қазақстандық спортшылар саны әлдеқайда көп. 

Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын 18 жастағы бокшы Дамир Тойбай алып шығады. Ол биыл өткен Азия чемпионатының жеңімпазы. 

Қазақстан ҰОК өкілдері осы аптаның басынан бері Аргентина астанасында жүр. Олар ұлттық спорттық делегацияны қарсы алуға дайындалуда. Ашылу салтанаты 6 қазан күні қала орталығындағы ашық алаңда өтеді. Қаланың ең көрікті аймағы Обелиск маңында өтетін салтанатты шараны кез келген адамның тамашалауына мүмкіндік бар. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу