"Жас Ұлан" мектебінің түлектері бітіру кешін өткізуден бас тартты

1764

Оқушылар мектеп бітіру кештерінен жаппай бас тартуда.

"Жас Ұлан" мектебінің түлектері бітіру кешін өткізуден бас тартты

Елордалық орта білім ордаларынан басталған бұл үрдіске енді "Жас Ұлан" республикалық мектебінің түлектері де қосылды.

Осы мәселеге орай білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді.

"Мектеп барлық балалардың қандай екенін біледі, сондықтан, біз ата-аналардан үлкен шығындарды талап ететін киім-кешек үлгілерін паш ету салтанаттарын ұйымдастыруды орынсыз деп санаймыз. Мектеппен қоштасу кеші жарқын әсерлерге, жылы сезімдерге, естеліктерге толы болуы керек", – деді БҒМ.

Осы орайда Нұр-Сұлтандағы мектептер, "Жас Ұлан" республикалық мектебінің түлектері сән-салтанатты мерекеден бас тартты. Олар бұдан үнемделген ата-аналарының қаражатын ізін басқан шәкірттерге оқулық сатып алуға, іні-қарындастарының болашақтағы біліміне салуға және қайырымдылық мақсаттарға жұмсауға шешім қабылдады.

Министрлік бұл бастама еліміздің барлық мектептерінде қолдау табады деген үмітте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу