Көкшетау қаласында бас терісінің көгерген-жыртылған жарақатымен, суицидтік әрекет диагнозымен облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны көпбейінді облыстық ауруханаға жеткізілді. Сағат 06:00 шамасында жас жігіт бағдаршамның рұқсат етілген белгісіне жүріп келе жатқан KIA автокөлігінің алдына жүгіріп шыққан.
Полиция қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтауда. ҚР ҚК 105 бабы 1-бөлігі "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        