Жас жігітті тонаған сәт камераға түсіп қалған

628

Күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Жас жігітті тонаған сәт камераға түсіп қалған

Нұр-Сұлтанда жас жігітті ұрып-соғып, тонап кету фактісі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Tүнгі уақытта Гeте көшесінің бойындағы "Паровоз" ескерткішінің жанында тұрған жас жігітке ер адам келіп темекісін тұтатып беруді сұраған. Кенеттен жәбірленушіні ұрып-соғып, қолынан Samsung 032 ұялы телефонын жұлып алған. Жәбірленушіге жасаған шабуылы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ұрланған телефонды жігіт вокзал маңында өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген. “Қазіргі уақытта “Tонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде"”, – деп жазады ақпарат көзі. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу