Жас жұбайлар той күніндегі серуеннің орнына балалар үйіне тарту жасады

1055

Ақтөбеде жастар қаладағы "Үміт" сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасады.

Жас жұбайлар той күніндегі серуеннің орнына балалар үйіне тарту жасады

Шаңырақ көтеріп жатқан жастар қаладағы "Үміт" сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге сыйлық жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Той болатын күні күндізгі серуеннің орнына олар қайырымдылықпен айналысуды жөн көрді. Сәбилер үйіндегі бүлдіршіндерге арнап жеміс-жидек пен тәтті сыйлады.

"Отбасы құруға ниеттене бастағанда шүкірлігімді ұмытпадым. Балалар үйіне барып бастарынан сипағымыз келді. Ниеттеніп, ойымызды жүзеге асыруға тырыстық", — дейді шаңырақ көтеріп жатқан Ерік Изғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу