Жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" атты байқау өтеді

1363

Конкурс жеңімпаздары ақпарат саласына жұмысқа алынады.

 Жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" атты байқау өтеді

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" конкурсын ұйымдастырады. Бұл туралы министр Дәурен Абаев Қазмедиа орталығында өткен кеңейтілген алқа отырысында айтты.

"Саланың негізгі міндеттеріне тоқталсақ, бірінші, осы жылы Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарын цифрлық хабар таратуға көшіру қажет. Екінші, жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" байқауын ұйымдастыру жоспарлануда. Оның жеңімпаздары БАҚ саласында жұмысқа алынады", – деді Дәурен Абаев.

Айта кетсек, Қазмедиа орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырсы өтіп жатыр. Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан шарада БАҚ-тың дамуы, азаматтық қоғамды дамыту, Жастар жылының қорытындысы, жастарды жұмыспен қамту, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының орындалуы сияқты мәселелер бойынша баяндамалар оқылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу