Жасанды интеллект: 120 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

2917

IBM жүргізген сауалнама көрсеткендей, алдағы 3 жылда 120 миллионға жуық қызметкер кәсібилігін шыңдап, қызметінен айырылып қалмау үшін қайта даярлау курстарынан өтуі керек.   

Жасанды интеллект: 120 млн адам жұмыссыз қалуы мүмкін

Жасанды интеллект адамдарды жұмыссыз қалдыруы мүмкін. Роботтардың жұмыс орындарына әсері орасан. IBM жүргізген сауалнама көрсеткендей, алдағы 3 жылда 120 миллионға жуық қызметкер кәсібилігін шыңдап, қызметінен айырылып қалмау үшін қайта даярлау курстарынан өтуі керек. 

Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, қазіргі таңда компаниялар жұмысқа алу барысында  топта жұмыс жасай білу, тез тіл табысу, шығармашылық сияқты дағдыларға баса назар аударуда. Техникалық білімге қарағанда бұларды дамыту көп уақытты алады. Сондықтан жұмыс берушілер коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге көп көңіл бөлуге шақыруда. 

IBM дерегіне сүйенсек, зияткерлікті автоматтандыру салдарынан алдағы 3 жылда 50,3 млн қытайлық қайта даярлаудан өтуге мәжбүр болуы мүмкін. Ал АҚШ-та 11,5 млн, Бразилияда 7,2 млн , Жапонияда 4,9 млн адам жұмыссыз қалмас білімін шыңдаулары тиіс. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу