Жасанды интеллект 13 жастағы баланы ұрып-соғу фактісін анықтады

Бұл туралы Павлодар облысы прокуратурасының ресми сайты жазды. 

Жасанды интеллект 13 жастағы баланы ұрып-соғу фактісін анықтады Фото: hsbi.hse.ru

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жасанды интеллектті пайдалана отырып, цифрландыруды кеңінен дамыту бағытын белгілеген еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– Облыс прокуратурасының бастамасымен психоневрорлогиялық ауруларға шалдыққан балаларға әлеуметтік қызметтерді көрсететін медициналық-әлеуметтік мекемеде "Жасанды интеллект зорлық - зомбылыққа қарсы" жобасы іске асырылуда.

Осыған байланысты, бейнебақылау камераларында қызметкерлер мен тәрбиенушілердің мінез-құлықты бағалайтын және агрессия белгілерін (соққы, айқай, құлау) анықтайтын жүйе енгізілген.

Нәтижесінде, 2025 жылғы 30 желтоқсанда жасанды интеллект облыстық психоневрологиялық орталығында қайтадан болған 13 жастағы баланы (аутизмға шалдыққан) күзетшімен ұрып-соғуы фактісін анықтады, – делінген хабарламада. 

Осы деректер бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. 

Жоба іске қосылған сәттен бастап балаларды ұрып-соғудың екінші оқиғасы анықталып отыр. Бұрын орталықтың санитары атқарып отырған лауазымынан босатыла отырып, қылмыстық жауаптылыққа тартылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу