Бұл жасанды интеллектке де тікелей қатысты. Оның осал тұсын интернет алаяқтар анық көрсетіп берді.
Қаскөйлер азаматтардың WhatsApp, Telegram секілді мессенджерлердегі аккаунттарын бұзып, ондағы аудио жазбаларын өздеріне көшіріп алатын болған. Кейін дауыс өзгертетін технологияның көмегімен аккаунт иесінің жақындарына ақша жіберуді сұрайтын хабарлама жолдайды.
Осылайша кибер-қылмыспен күрес күннен күнге қиындап барады. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, биылғы бірнеше айдың өзінде айлакерлер азаматтарды 4 миллиард теңгеге сан соқтырып кеткен. Ал IT-мамандар келген шығын бұдан әлдеқайда көп екенін айтады
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу