Ұлттық антифрод-орталығында жасанды интеллект қолданылғалы бері күдікті қаржылық операцияларды талдау жылдамдығы 80 есе артты. Бұл туралы Central Asia FinTech Summit алаңында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Тимур Сүлейменовтің сөзінше, күдікті транзакциялардың көп болуы мамандар тарапынан олардың өңделуін айтарлықтай қиындатады.
"Бір қызметкерге 100-200 ықтимал өтінішті жалғыз өңдеп шығу мүмкін емес. Сондықтан да біз бұл жұмысты 80 есеге дейін қысқартқан ЖИ-сарапшыны енгіздік", – деді Ұлттық банк төрағасы.
Оның айтуынша, бұл жүйе құзырлы органдарға ақпаратты жедел талдауға әрі дер кезінде шешім қабылдауға көмектеседі.