Жасанды интеллект мемлекеттік органдар мен жоғарғы оқу орындарына қолжетімді болмақ

153

2029 жылға қарай Ұлттық интеллект платформасында жыл сайын 25 жасанды интеллект өнімін әзірлеу жоспарланып отыр.  

Жасанды интеллект мемлекеттік органдар мен жоғарғы оқу орындарына қолжетімді болмақ Фото: freepik

Бұл туралы Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Инфрақұрылымды дамыту үшін келесі шаралар көзделеді. Олар Қазақстанда суперкомпьютерді орналастыру, халықаралық әріптестік арқылы деректерді өңдеу орталықтарын салу, жасанды интеллект ұлттық платформасын құру және талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамыту. Халықаралық технологиялық компаниялармен деректерді өңдеу орталықтарын салу бойынша келіссөздер жүргізілуде", - деді Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті төрағасы.

Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, жасанды интеллект ұлттық платформасы деректер жиынтығы, есептеу қуаты және басқа жасанды интеллект құралдары сияқты қажетті ресурстарды қамтиды. 

"Бұл ресурстар мемлекеттік органдарға, стартаптарға, жоғары оқу орындары мен жасанды интеллект энтузиасттарға қолжетімді болады. 2029 жылға қарай осы платформада жыл сайын 25-ке дейін жасанды интеллект өнімдерін әзірлеу жоспарланып отыр", - деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу