Жасанды интеллект обыр ауруын емдеуге көмектеседі

1205

Химиотерапияның емделушіге қаншалықты тиімді болатыны уақытылы анықталады.

Жасанды интеллект обыр ауруын емдеуге көмектеседі

Америкалық Кейс Вестерн Резерв университетінің ғалымдары обырды емдеу моделін жасауға көмектесетін жасанды интеллектті ойлап тапты. Бұл аппарат ағзаның препараттарға қандай реакция беретінін тіркеп отырады. Яғни химиотерапияның емделушіге қаншалықты тиімді болатыны уақытылы анықталады. 

Жасанды интеллект томография арқылы түсірілген суреттегі адам көзіне көрінбейтін өзгерістерді анықтап, осы суреттерді иммунотерапияның 3 кезеңінен кейін салыстырады. 
Қазіргі таңда обырға шалдыққан науқастардың шамамен 20%-ына иммунотерапияның көмегі тиеді екен. Дегенмен мұндай емді қабылдау өте қымбат әрі емделушілердің сауығып кетуіне кепілдік бермейді. Иммунотерапиядан өтіп жүрген науқастардың 42%  бір жылдан кейін еш нәтиже көрмегеннен соң, емдеуден бас тартуға мәжбүр. Оның бір жылдық курсы шамамен 800 мың доллар тұрады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу