Жасанды интеллект оқушының қолындағы чипсиді қару деп ойлап қалған

179

Оқиға Kenwood жоғары мектебінің алдында болған. 

Жасанды интеллект оқушының қолындағы чипсиді қару деп ойлап қалған Фото: Kenwood High School in Essex, Maryland. Photograph: Google Maps

АҚШ-тың Балтимор округінде жасанды интеллект жүйесі мектеп оқушысының қолындағы Doritos чипсы салынған пакетті қару деп қателесіп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты The Guardian басылымына сілтеме жасап.

Таки Аллен есімді оқушы достарымен отырып, жеңіл тамақтанып отырған сәтте, полиция қызметкерлері мылтық кезеніп келіп, оны жерге жатқызған. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің қолына кісен салып, тінту жүргізгенімен, ешқандай қару таппаған.

Кейін полицейлер оқушыға жасанды интеллект түсіріп, күдік тудырған суретті көрсеткен. Онда Алленнің қолындағы Doritos пакеті қаруға ұқсап көрінген.

Балтимор округінің мектептерінде былтыр орнатылған AI қару анықтау жүйесі бейнебақылау арқылы күмәнді нысандарды анықтап, полицияға хабар жібереді.

Мектеп әкімшілігі оқиғаға байланысты ата-аналар мен оқушыларға хат жолдап, бұл жағдайдың балаларға психологиялық әсер еткенін мойындады және оларға кеңесшілер тарапынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу