Жасанды интеллект зерттеушілер үрейін туғызды

636

Өйткені, жасанды интеллект миллиондаған адамның күнделікті істеп жүрген жұмысын алмастыруға қауқарлы.  

Жасанды интеллект зерттеушілер үрейін туғызды Фото: Ашық дереккөзден

"Жасанды интеллект адамзат үшін қауіпті". Брюссель зерттеушілері, осылай деп дабыл қақты. Олар Еуропалық Одақтан интеллект тақырыбында халықаралық саммит өткізуді сұрап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі euronews-ке сілтеме жасап.

Өйткені, жасанды интеллект миллиондаған адамның күнделікті істеп жүрген жұмысын алмастыруға қауқарлы.

"Саммит жасанды интеллект қауіпті жүйелерін дамытудың алдын алу үшін қажет. Біз жай ғана сыпайы түрде компаниядан жасанды интеллект дамуын тоқтатуды сұрай алмаймыз, өйткені олар күшті бәсекелестік қысымға ұшырайды. Сондықтан біз мұны халықаралық деңгейде шешуіміз керек", деді PauseAI негізін қалаушы Йуп Мейндертсма.

Ал Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак, керісінше, жасанды интеллектіні, барынша көбірек пайдалану керек деп санайды. Алайда, оның ойынша, тиісті сақтық шараларынсыз жасанды интеллектті дамыту "экзистенциалды" қауіпті. 

"Жыл соңында Ұлыбританияда жаһандық жасанды интеллект қауіпсіздігі бойынша алғашқы саммит өтеді. Бізге өзге ұлттар мен зертханалар арасында жаһандық ынтымақтастық қажет. Ұлыбритания зияткерлік орталық қана емес, сонымен қатар жаһандық технология ошағына айналғанын қалаймын", деді Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак.

Айта кетерлігі, 100-ге жуық зерттеуші мен технологиялық компания басшылары "жасанды интеллект адамзатты құртуы мүмкін" деген ашық хатқа қол қойған.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу