Жасанды интеллект жөніндегі жаңа министрлікті кім басқаруы мүмкін

140

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин аталған сұраққа жауап берді.   

Жасанды интеллект жөніндегі жаңа министрлікті кім басқаруы мүмкін Фото: canva

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажеттігін тапсырды, деп жазады inbusiness.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

– Бізде бір ғана Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бар. Оның негізінде жаңасы құрылады. Сондықтан мұнда екі министр болмайды. Жаңартылған Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бір ғана министрі болады. Ал енді оны нақты кім басқаратыны жайында айту – менің құзыретім емес, – деді Қаныш Төлеушин Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Президент қазіргі құзырлы министрліктің негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет екенін айтқан. 

Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажеттігін айтты. Жаңа министрлікті Премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу