"Жасанды интеллекті гибридтік соғыстың маңызды құралына айналуы мүмкін"

1355

Елбасы жаһандық технологиялық тізбектің бұзылуына әсер ететін негізгі факторды атады. 

"Жасанды интеллекті гибридтік соғыстың маңызды құралына айналуы мүмкін"

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Аstana club саяси форумының пленарлық отырысында Еуразияның қауіпсіздік жүйесі қайта қаралуға тиіс екенін айтты.  

"Державалар арасындағы жаһандық қарама-қайшылық технологиялар саласына ауысты. Қытайлық Huawei компаниясының оқиғасы әлемдік державалар арасындағы геосаяси наразылықтың технология саласына, электроника өндірісіне еріксіз ықпал ететінін көрсетті. АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленістің артуы әлемдік жоғары технологиялар нарығын тұрақсыздандырып, жаһандық технологиялық тізбектің бұзылуына әкеп соқтырды", – деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мәлімдеуінше, жасанды интеллектінің пайдасы мен зияны қатар жүреді. 

"Жасанды интеллекті гибридтік соғыстың маңызды құралына айналуы мүмкін", – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу