Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға қанша қаражат керек?

161

Концепциядағы іс-шараларды іске асыру үшін қосымша қаражат бөлу талап етілмейді.  

Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыруға қанша қаражат керек? Фото: freepik

Олар қолданыстағы бағдарламалар аясында іске асырылады. Бұл туралы Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Тілшілер комитет төрағасынан "Қазақстанда жасанды интеллект бойынша концепцияны іске асыруға бюджеттен қандай қаражат көзделген?" деп сұрады.

"Жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасын әзірлеу шеңберінде Үкімет республикалық бюджет комиссиясын өткізген жоқ, өйткені тұжырымдамаға енгізілген іс-шараларды іске асыру үшін қосымша қаражат бөлу талап етілмейді. Мұның бәрі қолданыстағы бағдарламалар аясында болады", - деді Ғиззат Байтұрсынов.

Спикер қолданыстағы бағдарламалар аясында концепцияны жүзеге асыруға қанша қаражат талап етілетіні туралы жазбаша жауап беретінін айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу