Жасанды интеллекттің пайда болуымен адамдардың контент тұтынуы өзгерді

254

Қазақ тіліндегі контент үлесі артып келе жатыр.

Жасанды интеллекттің пайда болуымен адамдардың контент тұтынуы өзгерді Фото: Shutterstock

"Қазақстандық қоғамдық даму институты" ҚеАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани қазақша контенттің дамуына қатысты пікір білдірді , деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Заман, технология, жаңалықтарды жасау формасы өзгеруі мүмкін, бірақ адамның психологиясы сол қалыпта қалады. Хайп тек қазір ғана пайда болған дүние деп айта алмаймыз, ол бұрыннан бар. Технологиялардың әсерінен көп болып көрінетін шығар. Қазақстан нарығында сараптама жетіспей жатыр деп айта алмаймын. Ол бар. Бірақ біз мына дүниені түсінуіміз керек. Сараптаманың қаралымы хайп (ақпарат) сияқты көп болмайды. Көп қаралым жинаймыз деп ұмтылуымыздың өзі сәл орынсыздау сияқты", - деді
"Қазақстандық қоғамдық даму институты" ҚеАҚ Басқарма төрағасы Нұрбек Матжани VII QAZAQFORUM-да.

Сөзінше, жыл санап қазақ тіліндегі контент үлесі артып келе жатыр. 

"Тілді технологиямен жақындастыруға бар күшімізді салуымыз керек. Алдағы уақытта қазақ тілі жойылып кетеді деген қауіп мүлде жоқ және технология соған дәлел болады. Жасанды интеллекттің көмегімен тілдің қауқары, оның өміріміздің түрлі саласына енуі одан да жылдам түрде болады", - деп атап өтті спикер.

Сарапшы жасанды интеллекттің пайда болуымен соғыстың гибридті түрлері, мысалы, ақпараттық соғыс пайда болып жатқанын жеткізді.

"Әлеуметтік желі, жасанды интеллекттің пайда болуымен адамдардың контент тұтынуы өзгерді. Бұрын адамдар ақпаратты радио, телевидение сияқты дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарынан алатын. Қазір әлеуметтік желілер, нейрожүйелер пайда болды", - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу