Жасанды жаңбыр қаншалықты қауіпсіз – Экология министрлігі түсініктеме берді

304

Еліміздегі бұл тәжірибе Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым өкілдерімен бірлесіп өткізілген.    

Жасанды жаңбыр қаншалықты қауіпсіз – Экология министрлігі түсініктеме берді Фото: minval.az

Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр Ошурбаев 2026 жылғы 28 мамырда Мәжіліс кулуарында жасанды жаңбырды іске қосу бойынша жүргізілген экспериментке қатысты мәлімет берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұл жоба Экология министрлігі тарапынан "Қазгидромет" арқылы үйлестіріледі. Барлық бақылау толық "Қазгидрометке" берілген. Біздің тараптан тек метеодеректер мен бұлттардың су құрамына қатысты ақпарат қарастырылады", – деді Мансұр Ошурбаев.

Ол жасанды жаңбырдың экологиялық қауіпсіздігіне де тоқталды.

"Экологиялық тұрғыдан түскен жауын-шашын толық талданады. Жалпы әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл – таза экологиялық өнім. Ол тек су қоймаларындағы су қорын толықтыруға көмектеседі", – деді вице-министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу