Жасөспірім әкесін тирде атып өлтірді

183

Қайғылы оқиға Ресейде орын алды. 

Жасөспірім әкесін тирде атып өлтірді Фото: www.hibiny.ru

Мәскеу облысы бойынша тергеу комитеті Мәскеу маңындағы Реутовта жасөспірім абайсызда әкесін атып тастағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оқиға қалалық тирде болды. Тергеу мәліметтері бойынша, әкесі мылтық галереясының рұқсат етілмеген қауіпті аймағына, ұлы құлаққап киіп, қолына қару ұстаған кезде кірген. Осы кезде жасөспірімнің атқан оғы абайсызда әкесіне тиген. Белгілі болғандай, ер адам алған жарақатының салдарынан сол жерде көз жұмды.

Оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеді. Абайсызда өлім фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу