Жасөспірім өлімі: Францияның бірнеше қаласында қақтығыс жалғасып жатыр

565

Ереуілге 6200-дей адам қатысқаны анықталды. 

Жасөспірім өлімі: Францияның бірнеше қаласында қақтығыс жалғасып жатыр Фото: Global Look Press

Францияда қарсылық өршіп барады. Халық әділеттілікті орнатуды талап етуде, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі  Reuters-ке сілтеме жасап.

Нантер қаласында ереуіл қақтығыстарға ұласты. Полиция жұртты тарату үшін көз жасаурататын газ пайдаланған. Жергілікті әкімшілік ғимаратының алдына жиналғандар тәртіп сақшыларына петардалар лақтырып, түрлі заттарды жаққан.

Жалпы ереуілге 6200-дей адам қатысқаны анықталды. Тұрғындар жасөспірімнің өліміне себеп болып, қатыгездік көрсеткен полицияны жазалауды талап етуде. 

Халықтың жаппай бас көтеруіне 17 жастағы жігіттің көз жұмуы түрткі болып отыр. Талапқа бағынбаған жүргізушіге, полиция  оқ атқан.  Бұл жағдай тұрғындарды дүрліктірді. Елде 3 күнен астам уақыт ереуілдер тыйылмай келеді. Ашуға ерік бергендер полицияға қарсылық көрсетті.

Соңғы деректерге сүйенсек, 150-ге жуық адам тұтқындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу