Жасөспірім жарыс кезінде мойнын сындырып алды

151

Оқиға халықаралық турнир кезінде болған. 

Жасөспірім жарыс кезінде мойнын сындырып алды Фото: ҰОК

Ақмола облысындағы Ерейментау қаласында қазақша күрестен өткен халықаралық жарыста 15 жастағы спортшы мойын омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ақтөбе облысының атынан қатысқан спортшы Перуаш Карымұлы жарыс кезінде мойын омыртқасын сындырып алған. Оқиға орнында болған кезекші дәрігерлер жасөспірімге реанимациялық көмек көрсеткен. Қазір спортшы Астанадағы ауруханада жатыр. Ол елордаға санавиациямен жеткізілген. 

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу