/img/tv1.svg
RU KZ
FTSE 100 5 671,96 РТС 1 014,44
Hang Seng 23 497,47 KASE 2 224,17
DOW J 21 921,63 Алтын 1 594,00
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты

Әлем чемпионаты 7-12 шілде аралығында өтуге тиіс болатын. 

26 Наурыз 2020 10:29 44

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының өту мерзімі ауысты

Бүкіләлемдік жеңіл атлетика қауымдастығы коронавирус қаупіне байланысты 2020 жылы Найробиде өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ауыстырылатынын хабарлады. Әлемдік ұйым Кения билігімен бірлесе отырып осындай шешімге келген, деп жазады olympic.kz.

Әлем чемпионаты 7-12 шілде аралығында өтуге тиіс болатын. 

«Біз спортшылар мен ресми тұлғалардың және көрермендердің денсаулығына жауаптымыз. Ұйымдастыру комитетінің үлкен жұмыс атқарғанын мойындаймыз. Нағыз спорттық мерекені сыйлағысы келгендерге алғыс айтамыз. Алайда, мұндай жағдайда тәуекел ету қауіпті. Коронавирусқа қатысты ғаламдық жағдай өте қауіпті», – делінген хабарламада. 

Әлем чемпионаты өтетін мерзім кейін анықталады.   

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Көркем гимнастикадан әлем кубогінің кезеңдері белгісіз мерзімге шегерілді

Көркем гимнастикадан 3 сәуірде Италияда әлем кубогінің кезекті кезеңі өтуге тиіс болатын. 

25 Наурыз 2020 14:27 58

Көркем гимнастикадан әлем кубогінің кезеңдері белгісіз мерзімге шегерілді

Халықаралық гимнастика федерациясы көркем гимнастикадан әлем кубогінің бірнеше кезеңін кейінге қалдырғаны туралы хабарлады, деп жазады Olympic.kz.

Көркем гимнастикадан 3 сәуірде Италияда әлем кубогінің кезекті кезеңі өтуге тиіс болатын. Ұйымдастырушылар аталған доданы 5-7 маусымда өткізу туралы шешім қабылдады.

Ал Болгарияда 10-12 сәуір күндеріне жоспарланған байрақты бәсеке белгісіз мерзімге шегерілді. Сондай-ақ, 17-19 сәуір күндері Өзбекстанда, 24-26 сәуірде Әзірбайжанда өтуге тиіс жарыстар да белгісіз мерзімге ауыстырылды.

Жарыстардың нақты өткізілу уақыты алдағы уақытта хабарланатын болады.
 

Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында коронавирус тіркелді

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар саны 72-ге жетті.

25 Наурыз 2020 01:05 523

Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында коронавирус тіркелді

Республика аумағында коронавирустық инфекция жұқтырған тағы екі азамат тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жаңа 2 науқас Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталған. Әзірге дертке шалдыққандардың аты-жөні мен нақты мекен-жайы белгісіз.

 

Бүгінгі таңда елімізде коронавирус расталған 72 науқас бар, олар:

Нұр Сұлтанда - 36 науқас

Алматыда - 29 науқас

Қарағандыда - 2 науқас

Алматы облысында - 1 науқас

Ақтөбе облысында - 1 науқас

Шымкентте - 1 науқас

Жамбыл облысында -1 науқас

Солтүстік Қазақстан облысында - 1 науқас

Жаңалықтарға жазылу: