Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына елімізден 20 атлет қатысады

619

Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатына елімізден 20 атлет қатысады

Бүгін, 7 маусымда Жапонияның Гифу қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталады. Кеше осы жарысқа қатысу үшін Қазақстанның делегациясы Күншығыс еліне аттанып кетті деп хабарлайды kazathletics.kz.

Бұл турнирде Қазақстан намысын 20 спортшы (6 ер мен 14 қыз) қорғайды. Бірнеше күн бұрын жарияланған тізімде 22 спортшының қатысатыны хабарланған. Бірақ үш қарғып секірушілер Әбдіжапар Шамшидов пен Лаура Ахметова тізімге енбей қалды.

Азия жеңіл атлетика ассосациясының мәліметінше, Гифуда әлемнің 35 мемлекетінен 437 атлет бақ сынайды. Жарыста 44 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу