Жасөспірімдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында үш қазақстандық алтын жеңіп алды

346

Жарыс Ереван қаласында өтіп жатыр. 

Жасөспірімдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында үш қазақстандық алтын жеңіп алды Фото: pixabay.com

Бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ақтық мәресінде қазақстандық боксшылар Аяжан Сыдық (54 келіге дейін), Толғанай Қасымхан (60 келіге дейін) және Айсұлу Мұхит (66 келіге дейін) өздерінің қарсыластарын жеңді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты sports.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ең сенімді жеңіс Аяжан Сыдықта болды. Үндістаннан келген қарсыласымен жекпе-жекте төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен жеңісті оған берді. Сонымен қатар, Толғанай Қасымхан нокдаунға түсіп, жекпе-жекте жеңіске жеткен.

Айта кетейік, 4 желтоқсанда Нұрасыл Төлебек (54 келі) осы чемпионаттың финалында алтын үшін таласады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу