Бүгін Аргентина астанасында жасөспірімдер арасындағы Олимпиада басталды. Бұл жарысқа еліміздің атынан 57 спортшы қатысуға мүмкіндік алды. Олар 22 спорт түрі бойынша сынға түспек, деп хабарлайды 24kz.
Дүбірлі доданың ашылу салтанатында еліміздің Туын ұстап шығу құрметіне 18 жастағы боксшы Дамир Тойбай лайық деп танылды.
Айта кетейік, Жазғы Олимпиада ойындарына 206 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу