Жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейді

514

Қазір Маңғыстауда жүктілік бойынша кәмелетке толмаған 240 қыз есепте тұр.   

Жасөспірімдер арасындағы жүктілік көбейді Фото: zviazda.by

Былтыр аяғы ауыр 193 жеткіншек тіркелді. Бұл аймақтағы жүкті әйелдер жалпы санының 1% құрайды.

Сондай-ақ, тіркеу мәліметі бойынша, 2023 жылдың 12 айында 15 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6 жасанды түсік тіркелді.

"2023 жылы жүкті әйелдер тізілімі бойынша 207 жасөспірім босанды. Осындай көрсеткіш 2022 жылы да тіркелген. Бұл барлық босанудың 0,9% құрады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Дәрігерлердің айтуынша, кәмелетке толмағандардың барлығы перзентханада босанды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу