Жасөспірімдер Олимпиадасы да төрт жылға шегерілді

543

Токио Олимпиадасының кейінге шегерілуі барлық спорттық додаларға әсерін тигізіп жатыр.

Жасөспірімдер Олимпиадасы да төрт жылға шегерілді

Сенегалдың Дакар қаласында өтуге тиіс болған 2022 жылға жоспарланған жасөспірімдер Олимпиадасы 2026 жылға ауыстырылды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Шешім ХОК басшысы Томас Бах пен Сенегал президенті Маки Саллемдің екі күн бұрын болған әңгімесінен кейін қабылданған.

Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олимпиадасының кейінге шегерілуі барлық спорттық додаларға әсерін тигізіп жатыр. Індеттің таралуы салдарынан жасөспірімдер Олимпиадасы да төрт жылға кейінге қалдырылды. ХОК сессиясы 17 шілдеде өтеді, оның барысында Олимпиада мерзімінің ауысқаны мақұлданады.

Айта кетерлігі, Сенегал 2022 жылғы Жасөспірімдер Олимпиадасына жалғыз үміткер болған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу