Сондай-ақ, тағы да алты қазақтандық велошабандозбен келісімшарт ұзартылды.
Олар: Евгений Гидич, Дмитрий Груздев, Юрий Натаров, Вадим Пронский, Никита Стальнов және Артем Захаров.
Әзірге, Федоров пен Брусенски біркүндік классикалық жарыстарға қатыса алады. Олардың келісімшарты алдағы екі жылға жарамды.
"Мұндай команданың қатарына ену үлкен арманым болатын. Қазақстандық команда басшылығынан маған осындай ұсыныс түскені қуантады. Бірден келісім бердім. "Астана – Premier Tech" сапында Әлемдік турға қатысудан асқан бақыт бар ма? Соңғы маусым вирус салдарына қарамастан жақсы өтті. Бірнеше рет жеңіске жетудің сәті түсті. Әрине, алғашында Әлемдік турдың оңай болмайтынын түсінемін. Бой үйретуге, біраз тәжірибе жинақтауға тура келеді. Мен бұған дайынмын, өзімді кәсіби деңгейде көрсететін кез келді", – дейді Евгений Федоров.