Жасөспірімдер онлайн оқу оқымай, жұмыс істеген

763

Алматы полициясы мегаполис базарынан 4 жасөспірімді ұстады.   

Жасөспірімдер онлайн оқу оқымай, жұмыс істеген

Олар қашықтықтан оқытуды пайдаланып, Алматыға жұмыс істеуге келген, деп хабарлайды Atameken Business.

Қазір төрт жеткіншек те кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды. Ұсталғандардың үшеуі Жамбыл облысынан болса, тағы біреуі –Қырғызстан Республикасының азаматы. Оқушылар, жұмыс істесек те, оқуды қалдырып жүрген жоқпыз деген уәж айтқан. Алайда әзірге олардың ата-аналарымен байланыс орнатуға мүмкіндік болмаған. Құзырлылар осы мәселеге байланысты балалардаң жақындарына тек ескерту ғана жасалады деді. Егер жағдай қайталанатын болса 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу