Жасөспірімдер тәртібі шұғыл қаралады

1219

ІІМ жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын жедел шақырту жөнінде білім және ғылым министрлігіне ұсыныс енгізді. 

Жасөспірімдер тәртібі шұғыл қаралады

Жасөспірімдер арасында бұзақылықтың көбеюіне байланысты ІІМ үкімет жанындағы Жасөспірімдер ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысын шұғыл шақыру ұсынылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

"Ішкі істер министрлігі Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Ақтөбе облысында орын алған жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасы үкіметі жанындағы Жасөспірімдер ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын жедел шақырту жөнінде білім және ғылым министрлігіне ұсыныс енгізді. Ата-аналарды, оқу орындарының оқытушыларын жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында, қылмыстық жауапкершілік жасына жеткендері, ойланбай жасаған әрекеттерінің салдарлары туралы хабардар етуге шақырамыз", –  дейді ҚР ІІМ ішкі және сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Сәдубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу