Жасөспірімдердің ауыр қылмыс жасауы тиылмай тұр

896

Соңғы 8 айда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны 1 231-ден  854 -ке дейін немесе 30,6%-ға төмендеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Жасөспірімдердің ауыр қылмыс жасауы тиылмай тұр

"Қылмыс көрсеткішінің төмендеуіне қарамастан, жасөспірімдердің ауыр қылмыс жасау фактісі жалғасып жатыр", – деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкіл 13-19 қыркүйек аралығында ел аумағында "Жасөспірім" атты жедел алдын алу іс-шарасы ұйымдастырылғанын, нәтижесінде тұрғын үйден тыс жерде болған 4,6 мың кәмелетке толмаған бала анықталғанын, жасөспірімдердің 360-тан астам бұзақылыққа қатысы болғанын және кәмелетке толмаған 130 тұлғаның алкогольдік ішімдік ішкені мен мас күйде болғаны анықталғанын айтты. 

"Қадағалаусыз және панасыз қалған 260-тан астам кәмелетке толмаған бала бейімдеу орталықтарына орналастырылды. Қолайсыз отбасынан шыққан балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетті атқармайтын 600-ден астам ата-ана анықталып, есепке алынды. Олардың 500-ден астамы өз құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Нұрділдә Ораз.

Ресми өкіл жедел алдын алу іс-шарасы барысында 5 мыңнан астам мектеп пен 600 колледж тексерілгенін атап өтті. 

"Оқушылармен, студенттермен бейтаныс адамдармен қарым-қатынас қағидасы туралы әңгіме жүргізілді. Бұған қоса полиция қызметкерлері есепте тұрған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеріп, ата-аналармен кездесті", – деді Нұрділдә Ораз.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу