Жасөспірімдердің көбі фастфуд пен энергетикалық сусындарға құмар – Үкімет басшысы

145

ДСМ осы мәселені шешу бойынша ұсыныс енгізуі тиіс. 

Жасөспірімдердің көбі фастфуд пен энергетикалық сусындарға құмар – Үкімет басшысы Фото: Үкімет

Премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің тамақтануына қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Ақмарал Шәріпбайқызы (ред. – Денсаулық сақтау министрі), өте маңызды мәселе ол балалардың ішетін тамағы. Өкінішке қарай, бізде балалар, жасөспірімдердің көбісі фастфудқа, сосын энергетикалық сусындарға құмар болады. Тіпті, кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке біз бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Өте қауіпті жағдай. Ұсыныс енгізіңіздер", – деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Айта кету керек, бұған дейін Бектенов "Kazakh Tourism" жаңа басшысына талап қойғанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу