Жасөспірімдердің терроризмге қарсы түсінігін қалыптастыру үшін фильм түсіріледі

951

Жасөспірімдердің терроризмге қарсы түсінігін қалыптастыру үшін фильм түсіріледі

"Kinokio" балалар киностудиясы жасөспірімдердің терроризмге қарсы түсінігін қалыптастыру мақсатында қысқаметражды фильм түсіруді жоспарлауда, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Марат Сәрсенбаев 2000 жылдың басында Алматыда балалар студиясын ашқан. Қазіргі күнде студияның еліміз бойынша Астана, Ақтөбе, Алматы қалаларында бөлімдері бар.

Студия 2014 жылы Астанада киноөнер мектебін ашқан. Қазір Астана қаласындағы студияда жүзден астам бала актерлік шеберлік бойынша сабақ алуда. Балалар актерлік шеберлік, этюд, режиссерлік сабақтармен қатар қысқаметражды фильмдерге сценарий жазуды және өз ойын қағазға көркемдеп түсіруді үйренеді. Құрылған 17 жылдың ішінде студия 200-ден астам қысқаметражды фильм түсірген. 

"Әр бала өзінше бір дара образ, әрқайсысының бойында өнер бар. Тек соны шама-шарқына қарай ашып, дамыта білу керек. Осы күнге дейін бірде бір кастинг өткізіп көрмедік, келем деушілерге біздің есігіміз әрқашан ашық. Бізге Астана әкімдігі түрлі деңгейде қолдау білдіреді, оның ішінде білім басқармасы", - дейді студияның көркемдік жетекшісі Марат Сәрсенбаев. 

Марат Сәрсенбаевтың айтуынша, студияда балалар ойын толық және анық жеткізуге, өзін еркін ұстауға, түрлі образдарды сомдау арқылы актерлік шеберлікке, бастысы болашақ мамандығын анықтауға мүмкіндік алады. Ал, баланың бір айлық курсы 15 мың теңгені құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу