Жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде күдікті автокөлік анықталды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік тізгіндеген қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Жаяу жүргіншінің өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Түпкілікті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жіберіледі.