Жасөспірімді ұрған рудныйлық 2 жылға сотталуы мүмкін

489

Ер адам медициналық айықтырғышқа жеткізілді.

Жасөспірімді ұрған рудныйлық 2 жылға сотталуы мүмкін Фото: pixabay

Рудныйда полицейлер спорт алаңында 13 жасар жасөспірімге шабуыл жасаған ер адамның жеке басын анықтады, деп жазады inbusiness.kz ng.kz порталына сілтеме жасап.

"Балалар алаңындағы бұзақылық дерегі бойынша ҚР ҚК 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша ең максималды мерзім 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", - деп хабарлады Қостанай облыстық полиция департаменті.

Бүгінгі таңда жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның денсаулығына келер қауіп жоқ деп отыр.

Тергеу аясында қажетті сараптамалар тағайындалды.  

Еске салайық, осыған дейін Рудныйда мас тұрғын спорт алаңындағы жасөспірімдерге шабуыл жасағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу