Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Автокөлік басқарған азаматтың кәмелет жасына толмауына байланысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 2-бөлігі және 593-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама оның анасына толтырылды. Осылайша баласының көлік құралын құжатсыз, басқару құқығынсыз жүргізгені сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін анасы 43 755 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Қанат Махамбет
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу