Жасөспірімнің басына шатырдан құлаған мұз үшін ПИК айыппұл төлейтін болды

1136

Павлодарда мереке қарсаңында 16 жастағы жасөспірімнің басына шатырдан мұз сүңгі құлап, миы шайқалған еді.

Жасөспірімнің басына шатырдан құлаған мұз үшін ПИК айыппұл төлейтін болды

Пәтер иелерінің кооперативіне 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Еске сала кетсек, Павлодарда мереке қарсаңында 16 жастағы жасөспірімнің басына шатырдан мұз сүңгі құлаған. Баланың тұрып, подъезге кіруіне көршісі көмектескен. Жасөспірім миы шайқалып, облыстық балалар емханасының травматология бөліміне түскен еді.

"Аталған факті тіркелді. Кәмелеттік жасқа толмаған бала Короленко көшесі, 355 үйдің подъезі жанында шатырдан үстіне мұз құлауына байланысты бас жарақатын алғаны анықталды", –  дейді полиция департаментінен.

Ведомствоның мәлімдеуінше, ПИК директоры ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Полицейлер ҚР тұрғын үй қатынастары туралы заңның 43-бабы 8-тармағы бойынша кез келген ПИК, ЖШС қызмет көрсететін тұрғын үйдің санитарлық және техникалық жағдайын бақылауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу