Жасөспірімнің қазасына кінәлі жүргізуші бір жарым жылға сотталды

612

Сондай-ақ 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.

Жасөспірімнің қазасына кінәлі жүргізуші бір жарым жылға сотталды

Қызылорда облысында былтыр жасөспірімді қағып өлтірген жүргізушіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

2021 жылғы 11 сәуірде Қызылорда облысы Сырдария ауданының 43 жастағы тұрғыны сағат 20:00 шамасында Mercedes-Benz 200 Е автокөлігін басқарып келе жатып, Шаған ауылындағы көшелердің бірінде жылдамдық режимін асырып, қарсы бағытқа шығып, жолдың сол жағымен қарама-қарсы бағытта өз жолымен келе жатқан велосипедтегі жасөспірімді қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алған дене жарақаттарынан жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған.

Тексеру барысында жүргізушінің рөлде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Күдіктінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сараланып, күдіктінің іс-әрекетіне объективті тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабына сәйкес, айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сырдария аудандық сотының 2022 жылғы 14 шілдедегі үкімімен айыпталушыға 10 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыра отырып, 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу