Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 17 жасар жігіт ұсталды

581

Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жасөспірімді өлтірді деген күдікпен 17 жасар жігіт ұсталды Фото: ашық дереккөзден

Полиция жасөспірімнің денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері 2006 жылғы кәмелетке толмағанның денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен Кеген ауданының 17 жастағы тұрғынын ұстады. Оның мәйіті 11 сәуірде Саты ауылының ішінен табылған.

Аталған дерек аудандық полицияда ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ұсталған адам УҰИ-ға қамаққа алынды.

ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу