Жастар арасында індет жұқтыру көрсеткіші 35,5%-ға дейін артты

717

Санитарлық қызмет алматылықтарды карантин шараларын сақтауға шақырды.

Жастар арасында індет жұқтыру көрсеткіші 35,5%-ға дейін артты

Алматыда бір апта ішінде карантин шараларын бұзған 700-ге жуық мекемеге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Алматыда карантин шараларының сақталуын бақылау жөніндегі 40 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Бұл коронавирус инфекциясының жаппай тарауына әкелуі мүмкін эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын болдырмау үшін маңызды. 28 сәуірден 29 сәуірге қараған түні белгіленген шектеулердің 13 рет бұзылғаны анықталды. Оның ішінде Медеу ауданында "Бармаглот" бары жұмыс істеп, онда 100-ге жуық адам болған. Сондай-ақ енгізілген шектеулерге қарамастан "Мята" лаундж бары жұмыс істеген, онда 60-қа жуық адам болған. 20 наурызы мен 29 сәуірі аралығында белгіленген шектеулердің 714 рет бұзушылғаны анықталды. Мұндай нысандардың жалпы санынан – 492-сі мейрамхана, дәмхана және дүкендерге, 93-і компьютерлік клубқа, 15-і бильярд клубына, 43-і СПА-салонға, 26-сы саунаға, 2-уі кальян барына, 20-сы караоке клубына, 9-ы лото клубқа, 1-уі букмекерлік кеңсеге, 15-і түнгі клубқа жатады. 3288 адамға әкімшілік жауапкершілік туралы  хаттама толтырылды", - деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігерінің санитарлық нормаларды және белгіленген жұмыс режимін сақтау жөніндегі талаптарын:
- Әуезов ауданында "The one" компьютерлік клубы;
- Медеу ауданында "Оазис" дәмханасы; 
- Алмалы ауданында "Береке" дүкені;
- Бостандық ауданында "APPLE CITY" шағын маркеті;
- Әуезов ауданында "Мята" лаундж бары; 
- Әуезов ауданында "Дос" компьютерлік клубы; 
- Медеу ауданында "Bacha" түнгі клубы; 
- Алмалы ауданында "Мята" дәмханасы;
- Медеу ауданында "Френдли" түнгі клубы бұзды. 

Эпидемиологтардың мәліметтері бойынша, бүгінгі күні Алматыда 20-39 жас аралығындағы жастар арасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 34,8%-дан 35,5%-ға дейін өскен. Сонымен қатар шаһарда 1 жасқа дейінгі нәрестелер арасында сырқаттану көрсеткіші 2%-ға артты. Мұның басты себебі ересектердің инфекцияны тасымалдауы. Сондықтан Алматы әкімдігі карантин шараларын – бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға шақырады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу