Жастар арасында синтетикалық есірткі тұтыну көрсеткіші төмендеген

738

Бұл жүргізілген зерттеулер нәтижесінде анықталып отыр. 

Жастар арасында синтетикалық есірткі тұтыну көрсеткіші төмендеген

Соңғы 5 жыл ішінде Қазақстанда есірткі тұтыну деңгейі мәселелерін қозғайтын бірнеше эпидемиологиялық зерттеулер жүргізілді.

Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Қуаныш Алтынбеков айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz "ОртКомға" сілтеме жасап 

2019 жылғы қыркүйекте жаңа психобелсенді заттарды тұтыну бойынша наркологиялық жағдайға эпидемиологиялық бағалау жүргізілді. Қазіргі уақытта Республикалық психикалық денсаулық орталығы ЖҚТБ-мен, түберкулезбен және безгекпен күресуге арналған Жаһандық қордың қолдауымен Қазақстанда 18-34 жас аралығындағы жастар арасында жаңа психобелсенді заттардың таралуын клиникалық-эпидемиологиялық зерттеуді аяқтады.   

"Екі зерттеудің нәтижелерін салыстыру кезінде синтетикалық есірткіні өмір бойы қолданудың 6,3-тен 3,9%-ға дейін синтетикалық есірткіні соңғы 30 күн ішінде тұтыну тәжірибесі 2,4-тен 0,6%-ға дейін төмендегені байқалады. Халықаралық стандарттарға сәйкес, мұндай зерттеулер үш жылда 1 рет жүргізіледі және елімізде 2024 жылы "Дені сау ұлт" ұлттық жобасы аясында келесі зерттеу жүргізу жоспарлануда", – деді спикер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу