Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстанда "Fenomen Jas" жобасы аясында "Uly dala saryny" сыйлығы беріліп жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Байқауға еліміздің 14 пен 35 жас (қоса алғанда) аралығындағы тұрғындары мен қоғамдық қызметте табысқа жеткен жастар ұйымдары қатыса алады.
Байқауға өтінімді келесі номинациялар бойынша беруге болады:
- "Үздік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшысы – 2024";
- "Үздік қоғамдық қызметкер – 2024";
- "Үздік жастар ұйымы – 2024";
- "Жастар үні – 2024";
- "Үздік медиа – тұлға – 2024".
Өтініштер 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қабылданады. Жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайды.
Марапаттау рәсімі Астана қаласында өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу