Жастар арасында жұмыссыздық төмендеді – Серік Шәпкенов

1197

Елдегі жұмыссыздық деңгейі – 4,9%.

Жастар арасында жұмыссыздық төмендеді – Серік Шәпкенов

Биыл жастар арасындағы жұмыссыздық 3,7% төмендеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"2021 жылғы үшінші тоқсанда елдегі жұмыссыздық өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 4,9% төмендеді. Жастар арасындағы жұмыссыздық 4%-дан 3,7%-ға дейін азайды", - деді министр.

Оның айтуынша, биыл мемлекеттік еңбек инспекторлары қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғау бойынша жұмыстарды белсенді жүргізген.

"Нәтижесінде 23,1 мың жұмыскердің алдындағы жалақы бойынша берешек өтеліп, оларға 5,3 млрд теңге төленді", - деді Серік Шәпкенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу