Хоккейден жастар арасындағы әлем чемпионатында (бірінші дивизион, А тобы) Қазақстан екінші матчты Венгриямен өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Александр Истомин мұз айдынына келесі құрамды шығарды: Шефер (Осокин) - Авдеенко – Бреус, Логвин - Ермак - Қайыржан; Роев - Никитин, Сапарбек - Нұрлан - Мұканов; Гавриленко - Царёв, Морожников - Цыбин - Шапоров; Базько - Жүсіпбеков, Попов - Оспанов Ляпунов.
Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде Роман Шефердің қақпасына екі шайба енді. Ал соңғы жиырма минутта қазақстандықтар есепті теңестіріп қана қоймай, жеңіске жете алды. Даниил Цыбин – 1, Дінмұхамед Қайыржанов 2 шайбаны қақпаға енгізді. Есеп – 3:2.
Осылайша, қазақстандықтар турнирде алғаш рет жеңіске жетті. Бұған дейін жерлестеріміз Франциядан жеңілген болатын (2:0).
Келесі кездесу сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні, Астана уақытымен сағат 01.00-де басталады. Қарсылас – Дания құрамасы.