Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,7%-ға төмендеді

1194

Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халықты жұмыспен қамту көрсеткішін жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жастар арасындағы жұмыссыздық 3,7%-ға төмендеді

Министрдің мәлімдеуінше, еңбек нарығы 2020 жылмен салыстырғанда біртіндеп қалпына келіп жатыр. 

"Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы жылдың 2-тоқсанында жұмыс күшінің саны 9,3 млн адамды құрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны 73 мың адамға артты. Салалар бойынша қызмет көрсету саласының үлесі басым болды. Мұндағы өсім 48 мың адамға жетті. Пандемия басталғаннан бері нәтижесіз жұмыспен қамтылғандар саны 12,2%-дан 7,4%-ға дейін қысқарды, ал нәтижелі жұмыспен қамтылған халық саны 102 мың адамға ұлғайды. Жұмыс берушілердің бастамасымен уақытша жұмыспен қамтылмағандар саны 5 мыңнан 400 мың адамға дейін азайды", – деді министр. 

Серік Шәпкеновтің айтуынша, елдегі жұмыссыздық 4,9% деңгейінде. 

"Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. Қазір бұл көрсеткіш 3,7%-ды құрап отыр", – деп қорытты сөзін министр. 

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу