Жастар арасындағы жұмыссыздық: Алматы қаласы мен Алматы облысы көш басында

2612

Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, көрсеткіш 3,4%-ға артқан. Бұл – 84,7 мың адамға тең.

Жастар арасындағы жұмыссыздық: Алматы қаласы мен Алматы облысы көш басында

Елде жұмыссыз жастар қатары еселеніп келеді. Екі қолға бір күрек іздегендердің басым бөлігі, әсіресе, Алматы мен Алматы облысында жетерлік, деп хабарлайды Atameken Business.

Статистика комитетінің дерегіне сәйкес, көрсеткіш 3,4%-ға артқан. Бұл – 84,7 мың адамға тең.

2019 жылдың 3-тоқсаны бойынша қалалық аймақтағы 15 пен 28 жас аралығындағы еңбекке мұқтаж қыз-жігіттер саны 4,3%-ға жетіпті.

Ал ауылдық жерде керісінше азайып, 3,2%-ды құраған.

Жұмыссыз жастар есебі аймақтарға бөлгенде: Алматы 16,8 мың, Алматы облысы – 8,9 мың, Түркістан облысы – 7,3 мың, Шығыс Қазақстан облысы – 7,1 мың және Нұр-Сұлтан қаласы – 6 мың. 

Ал жалпы ел көлемінде еңбек етіп жүрген жастар 2,1 млн адам деп көрсетіліп тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу